Армысыз!
“Kazlife.com” сайты сошиал медиа яғни әлеуметтік саладағы веб сайт болып табылады. 2011 жылдың Наурыз айынан бастап Қазақ тіліндегі интернет қолданушылар арасында жаңа бастама, жаңа идея, жаңа әлеуметті желі болып құрылды. Бүгіңгі таңда адамдардың ақпаратқа қол жеткізу, ақпаратты бөлісуге арналған құрал болып дамып келеді.
Kazlife.com әлеуметтік желісін KazLIFE Team деп аталатын топ дамытады. Біздің топ веб портал, онлайн маркетинг жасау, веб технология саласында трейнинг жүргізумен айланысады. Біздің топ ең жаңа технологияларға сүйене отырып, клиенттерге олардың ақпараттық технология саласындағы қазіргі және болшақтағы сұраныстарын қанағаттандыратын, олардың гүлденуінің негізі болатын тиімді ақпараттық технология қызметтерін ұсынады.
Жобаның басты мақсаты
Ғаламтордағы Қазақи өмір, қоғам, экономика, саясат, білім, ғылымның барлық саласындағы алуан түрлі ақпараттар жиналатын ақпарат технология желісін құру, әлеуметті қазақ ақпаратымен қамтамас ету, қазақ тіліндегі блог, веб сайттарды қолдауға арналады.
Твиттер, Фейсбүүк желілерінмен байланыс орнатып ресми өнімдерін пайдаланып қолданушылардың ақпаратын сан секундта әлеуметке жеткізу мүмкіндігін береді. Әр адам өзіне ұнаған жаңалығын KazLIFE –қа ең оңай жолмен жариялай алады. Егер сізде/блог, веб сайтыңызда/ өте сирек кездесетін, қызықты жаңалығыңыз болса, ондайды тауып оқып, көрген болсаңыз бәрінде жариялай аласыз.
1.1. KazLIFE.com -ға тіркелген (Facebook, Twitter желілері арқылы келген) кез-келген адам желі қолданушысы атанады.
1.2. Қолданушылар желіге жаңалық енгізе алады
1.3. Желіге тіркелу үшін KazLIFE коды ретінде қолданылатын қолданушы есіміңіз бен кілт сөзді енгізуді сұрайды немесе Facebook, Twitter желілерін пайдаланып желіге кіре аласыз. Бұл әлеуметтік желіде жиналған ақпарат әлеуметтік желімен жұмыс істеу және қызметтермен қамтамасыз ету немесе сұралған, авторизацияланған әрекеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Бұл талғауларды қолдау кезінде, KAZLIFE тиімді тұтынушылық қызметпен қамтамасыз ету, әлеуметтік желімен қандай да бір қатысты KAZLIFE өнімдерін немесе қызметтерін жетілдіру, статистикалық талдау жасау және желіні пайдалануды жеңілдету үшін бірдей ақпаратты қайталап енгізу қажеттілігін шеттету арқылы немесе желіні белгілі бір ұйғарымдарыңызға немесе мүдделеріңізге қарай теңшеу арқылы осы ақпаратты пайдалануға құқылы!
Тиым салынған іс әрекеттер
2.1. Қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрер іс әрекетке тиым салынады.
2.2. Балағат сөздерді қолдануға, қолданушыдардың ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге және оған қарсы дөрекі сөздер жазуға қатаң түрде тиым салынады
2.3. Заңға қайшы іс әрекеттер жасау, заңға қайшы іс әрекеттермен басқа қолданушыларды ілестіру, оларға көмектесуге тиым салынады.
2.4. Тіркелген әрбір қолданушы өзі туралы мәліметтің таралмауын талап етуге құқығы бар. Сондықтан қолданушының келісімінсіз оның қаржылық, отбасылық және басқа да қызығушылықтарын талқылауға тиым салынады.
2.5. Нацизм, рацизм, садизм, терроризмге қатысты тақырып ашып, пікір талас жүргізуге тиым салынады.
2.6. Бұзақылық, +18 жастан жоғарыларға арналған веб сайттардың сілтемесін желіге еңгізуге тиым салынады
2.7. Желідегі жазбалар қадағаланып отырады. Сайтқа енгізілген ақпарат алдын ала тексерілмейді және түзетілмейді. Бірақ сайт админдері оны кейін ережеге сай келмесе алып тастауға құқығы бар.
2.8. Желі админдері жазуларды түзетуге және қажетсіз тақырыптарды өшіруге құқылы.
2.9. Ережені сақтамай дөрекілік жасалған жағдайда сайт админі қолданушыны ешқандай ескертусіз желіден шеттетуге құқылы.
2.10. Қолданушы енгізген жаңалықтарының түп нұсқасы анық болу керек, қолданушы жариялаған басқадай түп нұсқадан көшірілген, авторлық құқықтарға байланысты шығатын қандай бір дауға KazLIFE желісі жауап бермейді.
Бізге төменгі байланыс ақпараттарымен хабарласа аласыздар.
Қалтафон: +97699675109
И-мeйл: kazlifecom@gmail.com, kazlifecom@yahoo.com